Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Сала министрлігінің мәліметінше, мұндағы мақсат – 9-11сынып оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру.
2025-2026 оқу жылында отандық мектептерде техникалық және инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы және экология, көлік және логистика, қызмет көрсету, шығармашылық, мәдениет, медицина, әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша бейіндік сыныптар жұмыс істей бастады.
Аталған сыныптардың мазмұны өңірлердің экономикалық ерекшеліктері мен кадр тапшылығы бар салаларға сәйкес қалыптастырылған. Жобаға жергілікті жоғары оқу орындары, колледждер мен жұмыс берушілер де белсенді қатысып жатыр.
Айта кетелік, бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге мүмкіндік бар.