Президент • Кеше

Екі елдегі Қазақстанның Елшілері тағайындалды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі елдегі Қазақстанның Елшілері тағайындалды

Фото: Ақорда

«Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», делінген хабарламада.