Абай • Кеше

Ғасырлардан жеткен әуен

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақконцертте ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған музыкалық кеш өтеді. Көпшілік назарына алғаш рет кемеңгер ойшылдың бұрын-соңды орындалмаған шығармалары ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.

Ғасырлардан жеткен әуен

Осылайша, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы жаңаша музыкалық өңдеулер мен заманауи аранжировкалар арқылы Абай мұрасы жаңғырып, көрерменге өзгеше әсер сыйлайды.

Концерттік бағдарламада «Ұлы Абай», «Ғұлама-Абай», «Есіңде бар ма жас күнің», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Абайдың Ақтолқыны», «Абай толғау» және тағы басқа шығармалар орындалады.

Іс-шараға «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Айзат Қарабек, Толғанбай Сембаев, Қайрат Айтбаев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахмет, Әлихан Дүйсенбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс және Жанту Дадабаев қатысады.

Музыкалық кеш Астана қаласы Мәңгілік ел, 10/1 мекенжайында 13 қараша, 19:00 өтеді.