Медицина • Кеше

Дәрі-дәрмек бағасы төмендейді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) пен ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) аясында сатып алынатын дәрілердің бағасын төмендетіп жатыр, деп жазды Egemen.kz.

Дәрі-дәрмек бағасы төмендейді

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратовтың айтуына қарағанда, аталған бағыттағы жұмыстар нәтижесінде 4,9 мыңнан аса дәрі түрінің бағасы реттеледі.

Ал Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізілетінін жеткізді.

«Бізде келесі жылы дәрі-дәрмек қымбаттайды деген ақпарат жоқ. Біз дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасына мониторинг жүргіземіз. Қазан айының қорытындысы бойынша орташа есеппен халық жиі қолданатын 50 шақты дәріге жүргізілген мониторинг нәтижесіне сәйкес, бағаның орташа алғанда 10-11 пайызға төмендегенін байқадық. Бұл үрдіс әрі қарай жалғасады деп үміттенеміз», – деді Бауыржан Жүсіпов.