Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Әлеуметтік желілерге тыйым салады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 желтоқсаннан бастап Аус­тралия әлемде алғаш болып әлеумет­тік желілерге жас шектеуін енгізеді. Енді 16 жасқа толмаған аустра­лиялықтар «Facebook», «Instagram», «TikTok», «Snapchat», «YouTube», «X», «Threads», «Reddit», «Kick» платформаларына кіре алмайды.

Әлеуметтік желілерге тыйым салады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Компаниялар осы күннен бастап кәмелетке толмаған барлық аккаунтын толықтай өшіруге міндетті. Талап орындалмаса, 49,5 миллион аустралия долларына дейін айыппұл салынады. Әлеуметтік желілердің жұмысын бақылау және ереженің орындалуын қадағалау электрондық қауіпсіздік комиссарына жүктелген. Комиссар аталған платформаларды ресми түрде «жас шектеулі қызметтер тізіміне» енгізгенін хабарлады.