Инфографиканы жасаған Зәуреш Смағұл, «ЕQ»
Салыстырмалы түрде, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елге 20 383 адам көшіп келіп, 10 201 адам көшіп кеткен. Сол кезеңдегі көші-қон сальдосы да шамамен 10 182 адамды құраған болатын, яғни 2025 жылғы көрсеткішпен бірдей.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асып отыр. Бұл елдерінен келгендердің үлесі 82,7%-ды, ал осы кеткендердің үлесі 73,2%-ды құрады. Ал басқа елдерден Қазақстанға қоныс аударғандардың ішінде Қытай, Моңғолия және Түркия азаматтары басым.
Тағы бір назар аударарлық жайт – елден кеткен және елге оралған азаматтардың этникалық құрамы дерлік бірдей. 2025 жылы Қазақстаннан кеткендердің 82,26%-ы – қазақтар, 6,03%-ы – орыстар, 2,99%-ы – өзбектер болса, елге келгендердің арасында да 82,27% – қазақ, 6,16% – орыс, 2,92% – өзбек бар.
2025 жылы Қазақстанға келгендердің басым бөлігі Алматы облысына – 4,4 мың адам, Алматыға – 2,6 мың адам, Маңғыстау облысына – 2,3 мың адам, Астанаға – 1 мың адам қоныс аударған.
Ел ішіндегі өңіраралық көші-қон да жанданып келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда ішкі көш 22,8 пайызға артқан. Аймақаралық көші-қон тұрғысынан елдің төрт аймағында оң көші-қон таза көрсеткіші байқалды:
- Астана – 67 200 адам;
- Алматы – 27 800 адам;
- Шымкент – 13 000 адам;
- Алматы облысы – 8000 адам.