Салық • Бүгін, 11:55

Алматыда кәсіпкерлерге салынатын салық азая ма?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Салық кодексі (2026 жылы күшіне енеді) шеңберінде елімізде жеңілдетілген және бөлшек салық режимдері 4% мөлшерлемемен біріктіріледі. Сол орайда Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бастамасын көтеріп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда кәсіпкерлерге салынатын салық азая ма?

Фото: Қала әкімдігі

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша, 2026 жылдан бастап жаңа жеңілдетілген салық режимін қолданатын барлық кәсіпкерлер үшін тиімді мөлшерлемені 3% деңгейінде белгілеу туралы мәселені Мәслихаттың қарауына шығару жөнінде шешім қабылданды.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған шара шағын және орта бизнестің салықтық тұрақтылығын сақтауға, қосымша инфляциялық тәуекелдердің алдын алуға және B2C-сегменттегі нысандарды – үй маңындағы дүкендерді, шаштараздарды, шеберханаларды және тұрмыстық қызмет көрсету орындарын қолдауға мүмкіндік береді.