Президент • Бүгін, 12:02

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барады

Фото: Ақорда

14 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады. Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.

17-19 қараша күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді. 

Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.