2026 жылы ресми жаңа жыл демалыстары 1-2 қаңтарға, ал Рождество 7 қаңтарға сәйкес келеді. Жаңа жыл аптаның соңына түсетіндіктен, 30-31 желтоқсан жұмыс күні, 1-4 қаңтар аралығында демалыс. Бес күндік жұмыс істейтіндер қаңтар айында 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді. Ал, алты күндік жұмыс аптасы барлар 7 күн демалып, 24 күн жұмыс істейді.
Ақпан айында мереке жоқ.
- Бес күндік жұмыс аптасы: 8 демалыс, 20 жұмыс күні.
- Алты күндік жұмыс аптасы: 4 демалыс, 24 жұмыс күні.
8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, 9 наурыз күні қосымша демалыс беріледі. Ал Наурыз мерекесінде азаматтар қатарынан бес күн демалады: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз.
Сәуір айында мереке жоқ.
- Бес күндік жұмыс аптасы: 8 демалыс, 22 жұмыс күні.
- Алты күндік жұмыс аптасы: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.
Мамыр айында үш мереке бар: 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (бейсенбі), 9 мамыр – Жеңіс күні сенбіге түседі. Сол себепті қосымша бір күн демалыс беріледі: 8 мамырда (жұмада) немесе 11 мамырда. 27 мамыр – Құрбан айт.
- Бес күндік жұмыс аптасы: 14 демалыс, 17 жұмыс күні.
- Алты күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.
Маусым айында бес күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал, алты күндік жұмыс аптасы барлар 4 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.
Шілденің басында ел Астана күнін атап өтеді. 2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді.
- Бес күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.
- Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.
30 тамыз – Конституция күні жексенбіге түседі, сондықтан 31 тамыз, дүйсенбі күні демалыс беріледі.
- Бес күндік жұмыс аптасы: 11 демалыс, 20 жұмыс күні.
- Алты күндік жұмыс аптасы: 6 демалыс, 25 жұмыс күні.
Қыркүйек айынша қосымша демалыс күндері жоқ.
- Бес күндік жұмыс аптасы: 8 демалыс, 22 жұмыс күні.
- Алты күндік жұмыс аптасы: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.
Қазанда Республика күні аталып өтеді. 2026 жылы 25 қазан жексенбіге түсіп тұр, сондықтан 26 қазан, дүйсенбі күні қосымша демалыс беріледі.
- Бес күндік жұмыс аптасы: 10 демалыс, 21 жұмыс күні.
- Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.
Қарашада ел тұрғындары тек тек дәстүрлі сенбі және жексенбі күндері ғана демалады.
- Бес күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 21 жұмыс күні.
- Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 25 жұмыс күні.
Желтоқсанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Бұл күн сәрсенбіге түсіп тұр.
- Бес күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.
- Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.