Қоғам • Бүгін, 18:00

Бас прокуратура Легкодимованың өліміне қатысты пікір білдірді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сотта алдын ала сөз байласу арқылы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратура Легкодимованың өліміне қатысты пікір білдірді

«Сот алдында екі тұлға отыр, олар кісі өлтіргеннен кейін мәйітін және телефонын өзенге тастаған. Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды. Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы іздерді жасырумен, ерекше қоғамдық қауіптілікпен, сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінге суыққанды және адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады», делінген хабарламада. 

Қылмыстық кодекстің 39-бабының талаптарына сәйкес, жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Бас прокуратура Қазақстан Республикасында ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі екенін еске сала отырып, күдіктілерге ең жоғарғы жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.