Оның ішінде Өзбекстаннан келетін туристер саны да айтарлықтай артқан. Егер 2024 жылы 12,5 мың өзбекстандық азамат келсе, биылғы 9 айда олардың саны 26 мыңнан асты.
Өңірдің басты нысандарының бірі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Сонымен қатар облыс аумағында 1 780-нен астам тарих және мәдениет ескерткіші, 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан. Түркістан қаласында жылына 3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық әуежай жұмыс істейді. Облыс әкімдігі Түркістан мен Өзбекстанның қалалары арасында жаңа тікелей әуе рейстерін ашуды қолдауға дайын. Соның ішінде Түркістан – Үргеніш – Түркістан бағытын іске қосу мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ автокөлік және теміржол қатынасын жақсартуды, туристік бағыттарды дамытуды және туристердің шекарадан ыңғайлы өтуі үшін «жасыл дәліздер» ұйымдастыруды қамтитын бірлескен көлік-логистикалық жобаларды дамытуға да мүдделі.
ТҮРКІСТАН