Төтенше жағдай • Кеше

Астанада лифт құлады: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада лифт құлап, салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада лифт құлады: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

Astanovka басылымының мәліметінше, елордада лифт жөндеу кезінде үш техник-жұмысшының үстіне құлап, біреуі қаза тапты, тағы екеуі жараланды.

Оқиға «Арыстан» тұрғын үй кешенінде болған.

Тұрғындардың мәліметінше, бір адам оқиға орнында көз жұмған, екеуі жарақат алған.

Тұрғындар кешен пайдалануға берілген алғашқы күннен бастап жарамсыз лифтілер мәселесі болғанын айтады: адамдар жиі кептеліп қалатын, лифттің құлау жағдайлары да бірнеше рет қайталанған.

Оқырмандардың жазуынша, бұл «Елорда құрылыс компаниясы» әкімдікпен бірлесіп салған нысан.

Астана әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Төлебаев көшесінде жөндеу жұмыстары кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан бір қызметкердің көз жұмғанын растады.

- Екі қызметкер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бір пациенттің жағдайы орташа ауыр деп бағаланса, екіншісінің жағдайы ауыр. Бір пациент анестезиология, реанимация, жансақтау бөлімінде, екіншісі жарақат бөлімінде жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, - деліген хабарламада.