Спорт • Бүгін, 22:48

«Қайрат» футбол клубының алдағы ойындары қайда өтеді?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Чемпиондар лигасының матчында Алматыдағы төмен температураға төтеп беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» футбол клубының алдағы ойындары қайда өтеді?

БАҚ пен әлеуметтік желілерде "сары-қаралардың" Чемпиондар лигасындағы соңғы ішкі ойындарын "Астана Аренаға" көшіру мүмкіндігі жиі талқыланып жүр.

Қазақстанның қазіргі чемпиондарының бапкері бұл шешім жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін қабылдануы мүмкін екенін айтты.

- Әрине, басты назар жанкүйерлерімізге бағытталған. Алматыда ауа райы суық болса, қиындықтар болуы мүмкін, барлығы келмеуі де ықтимал. Менің білуімше, бұл мәселе әлі де келіссөз сатысында. Футболшылар шыдайды, бірақ жанкүйерлердің жайлылығы маңызды, олар үшін жағдай жасау қажет, - деді маман Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, алматылық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде әлі екі үй матчын өткізеді. 9 желтоқсан күні команда Грекияның "Олимпиакосымен", ал 20 қаңтарда Бельгияның "Брюггесіне" қарсы ойнайды.