Экономика • Бүгін, 07:52

Терминал қуаты арта түсті

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ақтау теңіз солтүстік терминалы» – «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан жүктерді тасымалдау, астықты ауыстырып тиеу, теңіз кемелерін қабылдау мен жөнелту, сондай-ақ кешенді логистикалық қызмет көрсетумен айналысатын нысан. Аталған терминал еліміз Каспий, Қара және Жерорта теңіздерімен, Балтық, Парсы шығанағы елдерімен тікелей байланыс орнататын халықаралық Трасека, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәліздерінің маңызды бөлігі саналатындықтан геосаяси тұрғыда айрықша мәнге ие.

Терминал қуаты арта түсті

Қазір Ақтау теңіз солтүстік терминалынан жүктер Иран, Ресей, Әзербайжан бағыттарына жөнелтіледі. Алдағы уақытта компания өндірістік тиімділікті арттырып, жаңа серіктестер тартып, жүк ағындарын әртарап­тандыруды көздеп отыр. Орта­мерзімді кезеңде Қытай, Ресей, Парсы шығанағы елдерінен келетін транзиттік жүктердің үлесі артады деген жоспар бар.

Жүйелі жұмыстар нәтиже­сінде биылғы он айдың қорытын­дысында терминалдағы жүк айналымы арта түскен. Дерек­тер жалпы 697 мың тонна жүк өңделіп, өткен жылмен салыстырғанда 187%-ға артық нәтижеге қол жеткенін, ал экспорт көлемі 537 мың тоннаға жетіп, 304% өсімге ие болса, импорт 160 мың тоннаға дейін ұлғайғандығын көрсетіп отыр.

Сондай-ақ негізгі жүк түрлері бойынша да тұрақты өсім бар, астық өнімдері 279%-ға артып, 408 мың тоннаға жетсе, өзге жүктер 127%-ға көбейіп, 289 мың тоннаны құрады. Контейнерлік тасымалдар көлемі де екі есе артқан.      Инжиниринг және қауіп­сіздік жөніндегі директор Ер­мек Молдабековтің айтуынша, компания құрылымында үш теңіз айлағы бар, соның екеуі құрғақ жүкке, бірі астық тиеуге арналған.

– 2018 жылы пайдалануға берілген нысан заманауи техникамен жабдықталған. Терми­налдың жалпы аумағы 39 гектарды қамтиды, жылдық жобалық қуаттылығы – 3 миллион тонна. Оның ішінде 2 миллион тоннасы жалпы жүктерге, 1 миллион тоннасы астық өнімдеріне тиесілі. Астық терминалы бір мезетте 60 мың тоннаға дейін астық сақтауға мүмкіндік береді,  – дейді ол.

Терминалдағы тіршілік тынысы мен еңбек ырғағының қуаты – өңірдің экономикалық әлеуетінің бір көрсеткіші. Аталған нысандағы ілгерілеуге қарап, аймақтың күш-қуаты мен атқарылған жұмыстар әлеуетін аңғаруға болады.

    

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Ғаламшарлықтар орнатқан имплант

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Арал теңізіндегі құпия

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:28

Ғарыштағы қаралы күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:25

Торғайдың таңдаулы сәукелесі

Жәдігер • Бүгін, 09:22