Digital • Бүгін, 08:23

«Aleem» «duolingo»-ны артта қалдырды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ жастары әзірлеген «Aleem» атты ағылшын тілін үйрететін мобильді қосымша Қазақстан «App Store» рейтингінде әлемге әйгілі «Duolingo»-ны басып озып, бірінші орынға шықты. Бұл жетістікке жоба ешқандай инвестициясыз, жарнамасыз және шағын командамен ғана қол жеткізген.

«Aleem» «duolingo»-ны артта қалдырды

Сурет: apps.apple.com

«Aleem» – ағылшын тілін үйренуді жеңіл әрі қызықты етуді мақсат еткен толықтай тегін мобильді қосымша. Қо­сымшасының авторлары – Алидар Күшіков пен Асылжан Алтай. Олар өз өнімін бар болғаны екі күн бұрын «App Store»-ға жүктеген.

«Біздің мақсат – ағылшын тілін үйренуді жеңіл әрі тиімді ету. Осы оймен «Aleem» қосымшасын жасадық. Бұл бағдарлама арқылы әркім өз қызығушылығына сай сабақ­тарды таңдап, сөйлеуді, жазуды дамыта алады. Ең кереметі – пайдаланушыларға барлығы тегін. Президенттің қолдауы бізге үлкен дем берді. Іске қосылғанына екі-ақ күн өтсе де, «Aleem» «App Store»-дың үздік бес қосымшасы қатарына енді. Отандастарымызға ағылшын тілін үйренудің қарапайым, қызықты әрі заманауи жолын ұсынғымыз келеді», дейді жоба авторы Асылжан Алтай.

Бүгінде «Aleem» елімізде ғана емес, көршілес мемлекеттерде де кеңінен танылып жатыр. Қосымша Қырғызстанда бірінші, Тәжікстанда екінші, Түрікменстанда алтыншы, Өзбекстанда он бірінші, ал Ресейде он екінші орында тұр.

Жасанды интеллект негізінде жасалған бағдарлама қолда­нушының қызығушылығына қарай жеке сабақтар ұсынады және сөйлеу машығын жетіл­діруге басымдық береді. Жоба авторларының айтуынша, ендігі мақсат әлемдік рейтингте көш бастау. «Бұл – тек бастамасы. Біз қазақ жастарының да әлемдік деңгейде өнім жасай алатынын дәлелдегіміз келеді», дейді автор.

Соңғы жаңалықтар

Ғаламшарлықтар орнатқан имплант

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Арал теңізіндегі құпия

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:28

Ғарыштағы қаралы күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:25

Торғайдың таңдаулы сәукелесі

Жәдігер • Бүгін, 09:22