Digital • Бүгін, 08:25

Оқушылар ізденісі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Медеу ауданындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушы­лары альцгеймер ауруын ерте анықтай­тын жасанды интеллект платформасын жасады.

Оқушылар ізденісі

Бұл жасанды интеллект көмегімен МРТ-суреттерді 90%-ға дейінгі дәлдікпен талдап, кә­сіби нейропсихологпен бірге дайындалған когнитивті тес­тілерді ұсынады. Жүйеге енгізілген алгоритмдер жекелен­дірілген ұсыным береді. Ал басты артықшылығы – платформаны онлайн және тегін пайдаланады. Бұл медициналық қызмет шектеулі өңірлерге өте тиімді.

Пайдаланушылар платфор-ма арқылы дербес профилак­тикалық жоспар жасайды. Онда есте сақтау қабілетін жаттықтыруға, ұйқы мен дұрыс тамақтануға, саламатты өмір салтын ұстауға байланысты кеңестер жазылған. Бұл аталған дерттің үдеуін баяулатып, егде жастағыларға көмегін ти­гізеді. Бір жағынан, денсаулық сақтау саласына түсетін салмақты азайтады.

Жобаның авторлары – Әсірет­әлі Қайратов, Нариман Тойлы­бек, Әнел Иманқұлова. Жоба жетекшісі Әсіретәлі аталған жобаны жасауға бір оқиға себеп болға­нын айтады.

– Екі жыл бұрын топтағы бір қатысушымыздың атасында ұмыт­шақтық дерті пайда болды. Алайда оны жасына тән жағдай деп ойлаған. Дәрігерге барғанда аурудың кеш сатысы анықталып, біраз уақыт жоғалтып алғанын айтқан. Сол кезде альцгеймерді уақтылы анықтау қолжетімді құралсыз қаншалықты қиын екенін түсіндік. Осы жағдай бізге «MemoryCare» платформасын жасауға түрткі болды, – деді Ә.Қайратов.

 

Азамат ҚҰСАЙЫН 

Соңғы жаңалықтар

Ғаламшарлықтар орнатқан имплант

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Арал теңізіндегі құпия

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:28

Ғарыштағы қаралы күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:25

Торғайдың таңдаулы сәукелесі

Жәдігер • Бүгін, 09:22