Экология • Кеше

Семей оқушылары пластик қақпақтардан экоқоқыс жәшігін жасады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған қаладағы №51 «Келешек мектебінің» 6-7 сынып оқушылары пластик бөтелке қақпақтарын жинап, оларды қайта өңдеу арқылы мектеп дәлізіне арналған экоқоқыс жәшігін дайындады, деп жазады Egemen.kz.

Семей оқушылары пластик қақпақтардан экоқоқыс жәшігін жасады

Фото: Облыс әкімдігі

Оқушыларға идея «Таза Қазақстан» акциясы аясында келіпті. Балалар пластик қалдықтардың айналада өте көп екенін түсінген. Шамамен 2100 қақпақ пайдаланылған дайын EcoBox мектеп ішінде орнатылып, пластик қалдықтарды сұрыптап жинауға мүмкіндік беріп отыр.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, алдағы уақытта мектеп ұжымы қақпақтардан EcoBench (экоорындық) жасау, мектеп ауласын экологиялық материалдармен абаттандыру және «STEM EcoLab» бұрышын ашып, тәжірибелік экожобаларды кеңейту бойынша жұмысты жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар