Фото: Ақорда
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды. Қазақстан Президентінің бұл сапарына көрші ел халқы ерекше мән беріп отыр. Ауа райының бүгін ашық та, жылы болуын жергілікті жұрт жақсылыққа балауда. Сапарға дайындық ретінде Ташкенттің көшелері мен биік ғимараттары Қазақстан мен Өзбекстан туымен безендірілген, ал LED-экрандарға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзияевтің суреттері қойылды.

Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.
