Сурет ашық дереккөзден алынды
Үш күн бұрын Күннен үлкен көлемде плазма ұшып шығып, Жерге дейін жеткен. Бұл құбылысты «каннибал-жарқыл» деп атайды. Өйткені бұл күшті жарқыл өзінен бұрын болған әлсіз 15 шақты жарқылдың плазмасын қуып жетіп, бәрін өзіне қосып алған. Яғни плазма Жерге жетерде алдындағы баяу ағындарды «жеп» қойып, бір үлкен, өте күшті толқынға айналған. Сол үшін Жерге келген соққы күшейіп кеткен.