Халықаралық сыйлығына ие болғандар қатарында Қазақстаннан актер Еркебұлан Дайыров бар. Ол «Театр және кино» аталымы бойынша «Келешек мұрасы» сыйлығының лауреаты атанды. М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі Е. Дайыров дүниетанымы терең және кең ауқымды рухани-кәсіби ізденістері бар әртіс ретінде көпшілікке танымал. Ол ұлттық классикалық шығармаларда, заманауи драматургияда көркем сахналық бейнелерді асқан шеберлікпен сомдай білді. Талантты актер көптеген ұлттық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Айталық, бұған дейін Еркебұлан Дайыров World Film Festival халықаралық кинофестивалінің «Азияның үздік актері» номинациясы бойынша лауреаты атанды.
ТАШКЕНТ