«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалуда. Онлайн-платформа арқылы да жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін Telegram-ботқа 1123 өтініш келіп түсті, оның 880-і орындалды, 233-і кері қайтарылды, ал 10-ы орындалу үстінде.
- Бүгін осы жылғы соңғы сенбілікті өткіздік. Ауа райының қолайсыздығына бойланысты акция аясындағы жұмыстарды келесі жылы жалғастыратын боламыз, – деді облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының көгалдандыру және абаттандыру бөлімі басшысы Бекзат Кәрімов.
- Бүгін әріптестерімізбен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында өткізіліп жатқан сенбілікке қатыстық. Мұндай шаралардан қалыс қалған емеспіз. Еліміздің таза болуына әрбір азамат үлесін қосуы керек, – дейді шараға қатысқан Ермек Ибрагимов.
Алматы облысы.