Президент • Бүгін, 14:53

Астанада Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларының жиыны өтеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде өңір үшін су қауіпсіздігі мәселесі аса өзекті екенін атап өтті. Соңғы бес жылда Орталық Азия мемлекеттері су саясатына қатысты ұстанымдарын жаңғыртқанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларының жиыны өтеді

­­– Су мәселесінің трансшекаралық сипатын ескере отырып, салалық стратегиямызды үйлестіру маңызды деп санаймын. Бұл бір жағынан су үнемдеудің анағұрлым сәтті тәжірибелерін кеңінен тарату үшін қажет. Алдағы уақытта халықаралық стандарттарға сәйкес Орталық Азияның суды пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын қабылдауды ойластыруға болады. Мұндай құжат саладағы бірыңғай жұмыс қағидаттарын бекітіп, ықтимал қарама-қайшылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Келесі жылы сәуір айында Астанада Өңірлік экологиялық саммитімен қатар өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларының жиынында осы тақырыпқа оралып, ұсыныстарды талқылай аламыз. Сіздер аталған іс-шараларға белсенді қатысады деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті. 

 

ТАШКЕНТ