Әлем • Бүгін, 09:18

Әлемдегі ең биік қонақ үй Дубайда ашылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубай қаласында орналасқан әлемдегі ең биік қонақүй – Ciel Dubai Marina алғашқы қонақтарын қарсы алды. Ғимарат биіктігімен және керемет инфрақұрылымымен туристерді тәнті етпек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдегі ең биік қонақ үй Дубайда ашылды

Фото: The National

Биіктігі 377 метр болатын Ciel Dubai Marina қонақ үйінде 82 қабат және 1 004 бөлме қарастырылған. Қонақ үйде азиялық, жерорта теңізі және үй тағамдарын қоса алғанда, бірнеше мейрамхана бар.

Сонымен қатар қонақ үйде әлемдегі ең биік панорамалық бассейн – Tattu Sky спа-орталығы бар. Ғимараттың 76-қабатында орналасқан бассейн қаладан 310 метр биіктікте көз тартады. Сондай-ақ 61-қабатта спа-орталық және тәулік бойы жұмыс істейтін жаттығу залы бар. Қонақтарға Soluna Beach Club жағажай клубына тегін трансфер ұсынылады, ол жасанды Пальма-Джумейра аралында орналасқан. Жобаның құны – 544 миллион доллар.

The National мәліметінше, Дубайда әлемдегі ең биік қонақ үйлердің сегізі орналасқан. Солардың ішінде әйгілі «Burj Al Arab» қонақ үйі де бар, оның биіктігі  321 метрді құрайды.

Соңғы жаңалықтар