Фото: Ашық дереккөз
«2025 жылы 16 қараша күні сағат 16:44-те Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Қарабұлақ тасжолындағы жанар-жағармай бекетінің жалпы көлемі 150 шаршы метр ғимаратының төбе жаппасы жанды. Өрт сағат 17:04-де оқшауланып, сағат 17:23-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.
Оқиға орнына 40 құтқарушы мен 9 бірлік, сондай-ақ 103 қызметінің тобы және «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС мамандары жұмылдырылған. Құтқару жұмыстары кезінде өрттің басқа нысандарға таралуының алдын алу шаралары толық атқарылған.