Энергетика • Бүгін, 15:52

«Балқаш»: Еліміздегі алғашқы АЭС-қа атау берілді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық байқау аяқталды. Байқау 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін өтті, оған 27 000-нан астам өтінім түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Балқаш»: Еліміздегі алғашқы АЭС-қа атау берілді

Фото: Ашық дереккөз

Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысты. Әр қатысушы бір ғана атау ұсыну мүмкіндігіне ие болған.

«Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған «Балқаш» атом электр станциясы» атауы жеңімпаз деп танылды. Таңдалған атау атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау жөніндегі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар байқау комиссиясы нысанның орыс және ағылшын тілдеріндегі атауларын анықтады:

  • «Атомная электростанция «Балхаш»»;
  • «Balkhash Nuclear Power Plant».
Соңғы жаңалықтар