Қоғам • Кеше

Салықтан жалтару: жеке кәсіпкерлер электромобильдерге арналған квотаны өз пайдаларына жаратқан

60 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мен Автокөлік нарығын бақылау және талдау агенттігінің өкілдері электромобильдерге арналған бажсыз квоталарға қатысты мән-жайды, сонымен қатар қайта өңдеу алымы жүйесінде қандай өзгерістер орын алатынын талқылады.

Салықтан жалтару: жеке кәсіпкерлер электромобильдерге арналған квотаны өз пайдаларына жаратқан

Фото ecо-cars.kz сайтынан алынды

Бұл туралы Business FM радиосындағы «Деловое утро» бағдарламасының эфирінде айтылды. Бағдарлама қонақтары – ҚАО басшысы Анар Мақашева және аталған агенттіктің директоры Артур Мискарян соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қызу талқыланған мәселеге нақты түсініктеме берді.

Қоғамдық талқылау кәсіпкер Ерлан Нұрпейісовтің жазбасынан кейін басталған еді. Ол Қытайдан электромобильдер әкеліп сатумен айналысатын ұлы Данаттың жағдайын мысалға келтіріп: «Шекарада 1 000-нан астам автокөлік тұрып қалды, олардың кедендік рәсімдеуі үшін қосымша 3 миллион теңге қажет. Жалпы төлем 3 миллиард теңгеден асады. Үкімет бұл мәселені шешпесе, ондаған компания банкротқа ұшырап, қызметкерлер жұмыссыз қалуы мүмкін», деп жазған болатын.

 ы  

в

Threads скриншоты

 Желі қолданушылары квотаның мәнін түсіндіруді сұрап, оның жеке тұлғаларға, тек жеке пайдалану мақсатымен бір көлік әкелуге арналғанын еске салды.

Пікірлердің бірінде sabinadarushova былай деп атап өтті: «Бұл лимит жеке пайдалану үшін әкелінген көліктерге берілед және аталған көліктер жеке тұлғаға рәсімделеді. Заңды тұлғалардың бұған қандай қатысы бар? Ал осы «аса ақылды»  адамдардың арқасында бізде брокерлермен проблемалар туындап отыр».

Ал басқа қолданушы kvetnis: «Маған қызығы, оларды қалай бажсыз әкелген және ресми кеден статистикасы бойынша Қазақстанға 1 343 көлік кірген болса, 15 000 электромобильдің квотасын кім бітіріп тастады. Ұлыңыз оларды қалай әкелген түсіндіріп бере аласыз ба?», деп сұрақ қойды.а

Bussines FM  студиясында «Қазақстанның Автокөлік Одағы»  басшысы Анар Макашева және Автокөлік нарығын бақылау және талдау агенттігінің директоры Артур Мискарян

«Жеке тұлғаларға арналған жеңілдіктер ЕАЭО, бірыңғай Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында енгізілді. Жеңілдік жеке тұлғалардың, яғни Қазақстан Республикасы азаматтарының электр көліктерін сатып алуына арналған», - дейді Анар Мақашева.

Оның айтуынша, олар көлікті елімізге бажсыз және ҚҚС-сыз, қайта сату үшін емес, жеке пайдалануға алып келуі мүмкін. Алайда бірқатар кәсіпкер осы мүмкіндікті басқа мақсатта пайдаланып, жүздеген электромобильді ҚҚС төлемей өткізген. Бұл ресми дилерлер мен «сұр» импорттаушылар арасында ҚҚС бойынша баға теңсіздігін қалыптастырған. Ресми дилерлер тек салық төлеп қана қоймай, инфрақұрылымға, дилерлік орталықтар салуға инвестиция құйып, жаңа жұмыс орындарына ашады және автокөліктерге кепілдік береді.

ҚАО деректері бойынша, 2025 жылдың басында елде 12 мың электромобиль болса, квота арқылы қосымша 15 мың көлік әкелінген. Осы есеппен 27 мың электромобиль болуы тиіс еді. Алайда 2025 жылдың 1 қазанында тіркеуде бар болғаны 16 мың электромобиль қалған. Демек, 11 мың электромобиль елден шығарылған деген сөз.

Анар Мақашева мұның бюджетке 30 миллиард теңгеден астам айтарлықтай шығын келтіргенін атап өтті:

«Сонда 2 миллион 760 мың теңге шығады. Біз қазір паркта жоқ 11 мың көлікке көбейтеміз. Бюджет шығыны 30 миллиард 360 миллион теңгені құрады. Ал бұл дегеніміз мұғалімдердің, дәрігерлердің, коммуналдық қызмет жұмысшыларының жалақысы», - деді ол.

Сондай-ақ А. Мақашева «мыңдаған электромобильдерді алып келдік» деп ашық айтатын «кәсіпкерлерді» жеке немесе шағын бизнес өкілі деп санауға болмайтынын атап өтті.

ув

Автокөлік тасымалдаушысы

Артур Мискарянның айтуынша, квота бірнеше жылдан бері қолданыста болған. 2023 жылы квотаның жартысына жуығы, ал 2024 жылы жартысынан сәл көбірек көлемі игерілсе, тек 2025 жылы ғана ол толық пайдаланылған.

Бағдарламада сонымен қатар квотаны арттыру мәселесі және үкіметке қысым көрсеткісі келетін топтардың әрекеті де талқыланды.

«Қазақстанда осыған ұқсас оқиғалар ара-тұра болып тұрады. 2011-2012 жылдары жеңілдетілген кедендік рәсімдеу жарияланды, ұқсас жағдай 2014-2015 жылдары болды. Бұдан кейін Ресей, Армения, Қырғызстан секілді шет елде тіркелген автокөліктерге қатысты оқиғалар орын алды. Сол кезде мемлекет нақты мерзімдер мен ережелер бар екенін бірнеше рет ескертіп, кейін мұндай мүмкіндіктер болмайтынын жеткізді. Қазір дәл сондай жағдай электромобильдер квотасына қатысты қайталанып отыр. Мемлекет бір жағынан  мерзімдерді, көлемдерді, шарттарды белгілесе, екінші жағынан, «қосымша ақша» табуға тырысатын және ақпараттық, кейде саяси қысым арқылы реттеушіге ықпал ететін кәсіпкерлер тобы бар. Бұл жағдайда келісілген шарттардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін реттеуші органның нақты, шешуші ұстанымы қажет. Жеке пайдалану үшін көлікті кім әкелгенін бақылау керек. Егер сіз одан бизнес жасасаңыз, бұл басқа мәселе. Олай болса, бизнеспен ашық және әділ ереже бойынша айнасалысыңыз», деп ескертті А. Мискарян.

Эфир барысында көтерілген тағы бір маңызды тақырып – қайта өңдеу алымы. Желіде кейбіреулер автокөлік өндірушілерін оны тұтынушы есебінен пайда табу үшін пайдаланды деп айыптаған еді. Бұған жауап ретінде А. Макашева: «Автокөлік өндірушілері қайта өңдеу ақысын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Жасыл Даму» АҚ еншілес компаниясы төлейді. Бұдан кейін «Жасыл Даму» бұл соманы автокөлік өндірушілеріне қайтарады. Қайта өңдеу алымы отандық автокөліктердің бағасына қосылмайды, яғни тұтынушылар Қазақстанда жасалған автокөліктерді сатып алған кезде утильалым төлемейді», деп нақтылады.

Қайта өңдеу алымдарын барлық импорттаушы мен отандық өндірушілер бірдей төлейді. Төлемдер мен қайтарымдар «Жасыл Даму» сайтында толық көрсетілген.

Болашақта осындай түсініспеушіліктер орын алмауы үшін ҚАО үкіметке автоөндірушілердің «Жасыл дамумен» жұмыс істеу тәсілін өзгертуді, яғни төлемдер мен қайтарымдардан бас тартып, өзара есеп айырысу жүйесіне көшуді ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар