Сурет ашық дереккөзден алынды
Америкалық технология алыбы «Microsoft Fairwater» деп аталатын жаңа деректер орталықтары желісін іске қосты. Бұл желі Висконсин мен Атлантадағы екі үлкен алаңның қуатын біріктіреді. Жаңа кешенде екі қабат болып тізілген «NVIDIA Blackwell» графикалық процессорлары орнатылған, ал олардың бәрі сұйықтықпен салқындатылатын жүйеге жалғанған. Ең қызығы, осының бәрі бірге «суперфабрика» сияқты жұмыс істейді. Триллиондаған параметрі бар жасанды интеллект модельдерін бұрынғыдай бірнеше ай емес, бірнеше аптада үйрете алады.