Кино • Бүгін, 08:23

Отандық фильмдер – Ташкент төрінде

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ташкентте «Орталық Азия: ортақ рухани-ағартушылық мұра – ортақ болашақ» атты Халықаралық конгресс аясында Орталық Азия елдері мен Әзербайжан кино күндерінің салтанатты ашылуы өтті.

Отандық фильмдер – Ташкент төрінде

Бағдарлама аясында кө­рер­менге қазіргі қазақ киноин­дустриясының таңдаулы туындылары ұсынылды. Атап айтсақ, «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи фильмі, прокатта бір миллиард теңгеден астам табыс жинаған «Qaitadan» драмасы, 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының күміс жүл­дегері Ерғали Шәмеев туралы қысқаметражды «Үміт сәулесі», сондай-ақ өмірін­дегі қиындықтарды еңбек пен жігердің күшімен еңсер­ген көкпаршы қыз Ева Жига­ли­наның өмірі негізінде түсі­рілген «Ева – батыр қыз» көркем туындысы. Әр фильм өзбек көрерменінің ыстық ықы­ласына бөленіп, туынды­лар­дың мазмұны мен көтеріл­ген та­қырыптары жоғары баға­ланды.

«Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмі көрсетіліміне Өзбек­стан Киноагенттігінің дирек­торы Шухрат Ризаев арнайы қатысты. Ол режиссер Жандос Құсайыновтың еңбе­гін бағалап, оның кәсіби шебер­лігін атап өтті. Сонымен қатар ол режиссерді Қазақстан мен Өзбекстанның алдағы бірлескен жобаларына қаты­суға шақырды.

Халықаралық конгресс бағдарламасы аясында қазақ режиссерлері «Өзбекфильм» студиясының павильондарын аралады. Айта кету керек, студияда түркі және араб киімдерінен бастап түрлі сауыттарға дейінгі реквизит пен костюм коллекциясы бар. Бұл тарихи жанрдағы жобалар үшін айрықша қызығушылық тудырды. Мұндай жұмыс са­пар­лары мамандарға бірлес­кен жобалардың егжей-тег­жейін талқылауға, тәжірибе алмасуға, кәсіби байла­ныс­тар­ды нығайтуға мүмкін­дік бе­реді.

Осы арқылы елдер ара­сындағы мәдени ынтымақ­тастықтың жаңа көкжиектері ашылады.

Сонымен бірге конгресс аясында Қазақстан, Әзербай­жан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кино ұйымдарының басшылары қатысқан дөңгелек үстел өт­ті. Тараптар әр ел арасын­дағы ынтымақтастықты кеңей­ту, бірлескен киножобалар­дың әлеуеті, ұлттық киноны ха­лық­аралық деңгейде дамыту, киноөнер арқылы гумани­тар­лық байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

Жиында кино саласына қо­лайлы жағдай жасауға, кәсі­би тәжірибе алмасуға Ор­та­лық Азия елдері мен Әзер­­бай­жан арасындағы мә­дени диалогті дамыту бағыт­тарына ерекше назар аударылды.