Білім • Бүгін, 08:25

«Ақылды колледж» жобасы іске қосылмақ

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оразмағанбет Тұрмаған­бетұлы атындағы Маңғыс­тау индустриалды техника­лық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері мен сту­дент­­тері бірлесіп, «ақылды кол­ледж» стендін жасады. Жоба қашықтан басқару жүйе­сіне негізделіп, колледж ішін­­дегі электр мен сумен жаб­дықтау жүйесін бір ор­та­­­лықтан автоматты түр­­д­е ба­­қылауға мүмкіндік береді.

«Ақылды колледж» жобасы іске қосылмақ

Өндірістік оқыту шеберінің айтуынша, бұл бастама – колледждің ішкі инфрақұрылымын заманауи технологиялар арқылы тиімді басқаруға бағытталған.

– Біз осы жобаны колледждің өз ішінде қолдануға арнап жасадық. Мысалы, ғимаратта жарық немесе кондиционер қосылып қалса, оны күзетші колледж алдындағы экраннан көріп, бір батырма арқылы қашықтан өшіре алады. Сол сияқты ашық қалған суды да автоматты түрде өшіруге мүмкіндік бар, – дейді колледждің өндірістік оқыту шебері Серік Түркменбаев.

Қазір колледждің энергия тиім­ді­лігін арттырып, ресурстарды үнемдеу мақсатында қолға алынған жо­баны тәжірибеден өткізіп жатыр.

Колледж басшылығы бұл тек энергияны тиімді жұмсау ғана емес, қауіп­сіздік деңгейін арттыру, уақыт үнемдеу мен қолайлы жағдай жасау, заманауи технологияның мүм­кін­дігін кеңінен қолдану екенін айтады.

 

Маңғыстау облысы