Фото: instagram.com/rustemova_aliya
Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, фельдшер өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алған.
«18 қарашада өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алған фельдшер – әріптесіміз қайтыс болғанын қайғыра айтамыз. Тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлаған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсете отырып, өзі де ауыр жарақат алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.
8 қарашадан бастап жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатқан науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген.
«Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және барлық медициналық қауымдастық марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Қайғыға ортақтасып, ауыр қазаға көңіл білдіреді», делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы, 24B мекен-жайындағы тоғыз қабатты ғимараттың қасбетінен кірпіш жабыны құлады. Салдарынан бес адам жарақат алып, №1 жалпы ауруханаға жеткізілген.