Фото: ombudsmanbiz.kz
Ұсыныс хатта айтылғандай, бұл шегерімдерге тыйым салу жалпыға бірдей белгіленген салық режимі субъектілері үшін шағын бизнес өкілдерімен ынтымақтастықты экономикалық тұрғыда тиімсіз етеді. Ал АСР қолданатын кәсіпорындардың 70%-ының жалпыға бірдей белгіленген салық режимі болжамды түрде ауысуы бухгалтерлердің көп мәрте жетіспеушілігі жағдайында салық есебінде техникалық «жаппай күйреуге» және кәсіпорындардың жабылуына әкелуі мүмкін.
Хатта салықтық шегерімдерге тыйым салу құқықтық қағидаттарды бұзатыны атап өтіледі.
«Біріншіден, бір мәміле бойынша салықтық жүктеменің негізсіз екі еселенеді (сатушы – АСР субъектісі ретінде айналымнан алынатын 4% құрамында корпоративтік табыс салығын да төлейді, ал жалпыға бірдей белгіленген салық режимі субъектісі – сатып алушы осы мәміле бойынша салық салынатын табысты есептеу кезінде салықтық шегерім құқығынан айырылады).
Екіншіден, салықтық шегерімдерге қабылдауға тыйым салынған шығыстар –бизнес салық салынатын табысты есептеу кезінде қай салық режимінде жұмыс істейтініне қарамастан, контрагенттердің мәртебесіне тәуелсіз түрде шегерімге жатқыза алатын нақты жұмсалған шығындар болып табылады.
Үшіншіден, шағын бизнеске қатысты салық салу режиміне байланысты негізсіз теріс кемсітушілік заңнаманың ең жоғары деңгейінде енгізіліп отыр», делінген хатта.
Аталған хатта салықтық әкімшілендірудің балама тетіктері жөніндегі кәсіпкерлер қауымдастығының ұсыныстары да жолданған.
«Альтернативті шараларды іске асыру және/немесе бизнеске шарттар мен операциялық модельдерді түзету үшін жеткілікті уақыт беру мақсатында шегерімдерге тыйым салу нормасын кемінде 18 ай мерзімге кейінге қалдырып енгізу туралы заң жобасын бастамалау қажет», деп ұсыныс білдірген Қанат Нұров.
Сенат Төрағасына жолданған ұсыныс хаттың толық нұсқасы мына сілтемеде тұр.