Клубтың мәліметінше, бұған дейін УЕФА-ның баға саясатына сәйкес Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі барлық ойынға бірыңғай және өзгермейтін билет бағасы бекітілген. Сол себепті бағаны қайта қарау мүмкін болмаған.
Алайда Алматыдағы қолайсыз қысқы жағдайларға байланысты матчтарды Астанаға ауыстыру туралы шешім УЕФА-мен келісілгеннен кейін, ойын орнының өзгеруіне байланысты талаптар да қайта қаралған.
Клуб жаңа жағдайды ескере отырып, билет бағасын қайта қарау мүмкіндігі пайда болғанын хабарлады.