АСТАНА. 9 мамыр. Әзербайжан астанасы – Бакуде өтіп жатқан дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирінде қазақ палуаны Рустам Ыбыраев (60 кг.) жеңімпаз атанды. Бұл туралы KazSport телеарнасы хабарлады.
Рустам алғашқы белдесуінде швейцариялық Людовик Чамартинді, ал келесі кездесуде австралиялық Людвиг Пайшерді жеңді. Ширек финалда ол Әзербайжанның белгілі палуаны, әлем чемпионатының қола жүлдегері, әлемдік рейтингте үшінші тұрған Орхан Сафаровтан басым түсті. Финал жолдамасына таласта Рустам Германия сенім артқан Тобиас Энглмайерді жеңді. Ал шешуші сында Франция спортшысы Винсент Лимарды ұтты.
Рустам Ыбыраев былтыр «Үлкен дулыға» турнирінде қола жүлдеге қол жеткізген еді.
Бакудегі сайыс 8 мамырда басталғанын айта кетейік. Соңғы белдесулер 10 мамырда өтеді. KazSport телеарнасы аталған сайысты тікелей эфирде көрсетуде.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: KazSport телеарнасы.
• 09 Мамыр, 2015
Дзюдо. Рустам Ыбыраев – «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы!

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше