Қоғам • Бүгін, 16:10

Гонконг тұмауының таралуы: Денсаулық сақтау министрі жағдайға қатысты болжам жасады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Министр Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі уақытта елде инфекциялық вирустардың таралуы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гонконг тұмауының таралуы: Денсаулық сақтау министрі жағдайға қатысты болжам жасады

Фото: istockphoto.com

Министр елімізде гонконг тұмауының таралуы 2001 жылдан бері кездесетінін еске салды. Бұл вирус басқа респираторлық инфекциялар сияқты, әсіресе қарт адамдар мен балаларда ауыр өтеді.

«Алдағы күндері ауа райы жылы болады. Сол себепті, желтоқсанның ортасына дейін вирустық инфекциялардың өсуі ықтимал. Халыққа көп адам жиналатын орындарға баруды шектеуге, қолды жиі жууға, бөлмелерді үнемі желдетуге және қажет жағдайда маска қолдануға кеңес береміз», деді министр Сенат кулуарында.

Сонымен қатар Әлназарова аяз басталса вирустың таралуы төмендейтінін атап өтті.

«Иә, міндетті түрде төмендейді. Бірақ тұмаудың таралуын тоқтату үшін ауа райы 2-3 аптадай суық болуы қажет. Егер аяз болса, жағдай жақсарады. Бірақ болжам бойынша, бұл шамамен желтоқсанның ортасына дейін созылады», деді ол.