Фото: Ашық дереккөз
Қазақстандағы ең тәжірибелі шенеуніктердің қатарында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бар. Екеуінің жасы 64-ке жеткен. Елдің жетекші экологының зейнеткерлік жас шегінен асып кетуі БАҚ өкілдерінің назарына ілікті. Бұл ретте Нысанбаев өзінің мол тәжірибесі мен білімін ескере отырып, қызметін жалғастыруға құқығы бар екенін мәлімдеген.
Қараша айының соңында зейнеткерлер қатарына тағы бір тәжірибелі шенеунік – Ішкі істер министрлігінің орынбасары Игорь Лепёха қосылады. Ranking.kz мәліметінше, шенеунік журналистердің өткір сұрақтарына салмақты әрі дәйекті жауап береді. Ол Қостанайға қатысты сепаратистік пікірлерді тоқтатып, тек ақылды бағдаршамдар арқылы жол кептелісін шешу идеясының тиімсіздігін ашық айтқан. Сонымен қатар Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев та тәжірибелі шенеуніктер қатарында. Өзінің 40 жылдық еңбек жолында редактор, баспасөз хатшысы, елші, сенатор және әкім болып қызмет атқарған.

Ал, зейнет жасына жақындаған шенеуніктер қатарында – Бас прокурор Берік Асылов және облыс әкімдері Марат Ахметжанов, Нариман Төреғалиев пен Құмар Ақсақалов бар. Бір қызығы, Құмар Ақсақалов жұмысқа жаяу барады екен. Әрине, бұл қалыпты жағдай болса да, аймақ басшысының дәл осы әрекеті оның халықпен ашық байланыста екенін көрсетеді. Сол үшін оны «халық әкімі» деп атап кеткен.
Шенеуніктердің нақты табысы олардың лауазымы мен қызмет өтіліне байланысты. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, өткен жылы облыс әкімінің орташа номиналды жалақысы шамамен 1,7 миллион теңгені құрады. Бұл қосымша төлемдерді, бонустарды және басқа да жеңілдіктерді қоспағанда, базалық сома. Министрлер мен олардың орынбасарлары аймақтық басшыларға қарағанда сәл аз жалақы алады – 1,5 миллион теңге.
Жалпы, министрлердің орынбасарлары мен қала әкімдерінің лауазымдарын қазір 30 жастағы және 9 жылдан 15 жылға дейінгі тәжірибесі бар адамдар иеленеді.
Ең жас шенеуніктердің қатарында – Оқу-ағарту министрі Асылбек Ахметжанов, 33 жастағы Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және 34 жастағы министр орынбасарлары – Қайырхан Тұтқышбаев, Дмитрий Мун және Бекболат Молдабеков бар.
Айта кетейік, тізімге енген шенеуніктердің көбі Президенттің жастар кадрлық резервінен, ал кейбірі алғашқы жұмыс жылдарын жоғары қызметтен бастаған.

Мәселен, Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов еңбек жолын концерт залында билет контролері ретінде бастаған, вице-министр Ермек Кенжеханұлы университет кезінде өз бетімен егістік егіп, өнім жинаған. Ал, Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Марат Омаров мемлекеттік қызметпен қатар Қазақстан футбол федерациясын басқарған.
Рейтингтегі соңғы орнынды экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошырбаев иеленді.
Ең жас шенеуніктердің жалақысы да әртүрлі. Вице-министр деңгейіндегі қызметкерлер 2024 жылы 1,5 млн теңге алған, облыстық әкімдердің жас орынбасарлары шамамен 836,9 мың теңге табыс табады.