Сурет ашық дереккөзден алынды
Мақсаты – автомобильдегі жасырын ақауды, электр тізбегіндегі ызылдаған дыбысты немесе көзге көрінбейтін кез келген шуды лезде анықтау. Камераға ақауды дәл табуға 72 микрофоннан тұратын матрица көмектеседі. Жұмыс істеу қағидаты фазалық антенна жүйесіне ұқсайды. Құрылғы әр дыбыстың таралу уақытын салыстырып, оның нақты қайдан шыққанын анықтап, сызба жасайды. Осылайша, мамандар да, қарапайым жүргізушілер де ақаудың орнын көзбен көргендей дәл таба алады.