Денсаулық • Бүгін, 14:58

Балаларға екі данадан артық бермеңіз: мандаринді көп тұтыну қауіпті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Диетолог мамандардың айтуынша, мандаринді мөлшерден көп жеу денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе аллергиясы бар адамдар мен асқазан-ішек жолы ауруларына шалдыққандарға бұл жеміс жемеген жөн, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балаларға екі данадан артық бермеңіз: мандаринді көп тұтыну қауіпті

Vm.ru басылымының жазуынша, мамандар әр адамның мандаринге реакциясы әртүрлі болатынын айтады.

«Біреу он мандарин жеп ештеңе сезбесе, басқа біреуде бір ғана жеміс аллергия туғызуы мүмкін», - дейді дәрігерлер.

Цитрустердегі органикалық қышқылдар асқазанның шырышты қабатын тітіркендіріп, гастрит, ойық жара және панкреатиттің өршуіне әкеп соғуы ықтимал. Сондықтан аллергиясы бар адамдар мандариннен мүлде бас тартқаны жөн.

Мамандар дені сау ересек адам күніне төрт мандариннен артық жемегені дұрыс, ал балаларға тәулігіне екі данадан артық беруге болмайды.

Сонымен бірге диетологтар энергетикалық сусындардың қауіптілігіне назар аударады. Себебі мұндай сусындар құрамындағы кофеин мен таурин жүйке жүйесіне әсер етіп, қан қысымын көтеріп, қан тамырларын тарылтады.

«Энергетиктердегі хош иістендіргіштер мен тәтті қоспалар ұйқыбезге, бүйрек пен бауырға зиян келтіреді», - дейді мамандар.

Айта кетерлігі, бір литр энергетикалық сусында 300 мг-ға дейін кофеин болуы мүмкін, мұндай мөлшер инсульт немесе инфаркт қаупін жоғарылатады. Сонымен қатар қанттың көптігі семіздік пен диабетке алып келуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:18

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Бүгін, 12:40