АСТАНА. 9 мамыр. Бүгін – Ұлы Жеңіс күні Астананың басты алаңдарында мерекелік іс-шаралар өтті. Оған еліміздің әр аймағынан келген 500-ге жуық Ұлы Отан соғысының ардагері мен тыл еңбеккері және қала тұрғындары қатысты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жеңіс күніне орай акцияны ұйымдастырушылар салтанатты қабылдау өткізіп, шатырлы қалашықтар тұрғызды. Осындай қалашықтардың біріне жауапты – Астана қаласы Табиғат қорлары басқармасының жетекшісі Мирас Гайсин өз шатырларында 50-ге жуық ардагерге құрмет көрсеткендерін айтты. «Бұл ардагерлер Қызылорда мен Астана қаласынан келген. Біз оларға кең дастарқан жайып, шын жүректен тілек білдірдік. Қарт майдангерлердің құрметіне концерттік бағдарлама қойып, оларға бейбітшілік үшін алғысымызды айттық», – дейді басқарма жетекшісі.
Шара шеңберінде «Отан қорғаушылар» монументіне жиналған қауым жауынгер ботқасынан дәм татса, Астананың ашық алаңдарында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған концерттік бағдарламалар қойылды.
Дәл осындай мерекелік шаралар «Бәйтерек» монументі, қала әкімдігі алдындағы алаң, «Студент» паркі, «Жастар» театры мен Есіл өзенінің жағасында да ұйымдастырылды. Құрметті қонақтарды мерекелік шараларға алып келу үшін қалалық автобус паркі 11 жайлы автобусын ұсынғанын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: yvision.kz.
• 09 Мамыр, 2015
Жеңіс күніне орай Астанада мерекелік іс-шаралар өтті

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше