Ауа райы • Кеше

Бұрқасын, көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұрқасын, көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Батыс Қазақстан облысында, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кейбір аудандарда тұман түседі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, кейін шығыс бағытқа ауысып секундына 7-14 метр, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнгі температура 0…+7°, күндіз +8…+20° аралығында болады. Ақтау мен Атырауда күн ашық, Ақтөбеде бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз.

Астана, Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облысында түнде және таңертең жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыс және батыс бағыттан секндына 15-23 метрге дейін күшейеді. Түнгі температура -6…0°, күндіз -4…+4°. Ең салқын ауа райы – Солтүстік Қазақстан мен Павлодарда күтіледі. Қарағанды мен Көкшетауда күндіз қар аралас жаңбыр жауады, көріну қашықтығы нашарлайды.

Шығыста ауа райы күрт суытады. Түнде -10…-24° аяз, кей жерлерде қатты боран, көктайғақ және қалың қар күтіледі. Жел секундына 20-28 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы -5…+3° шамасында. Өскемен мен Семейде қар аралас жаңбыр, бұрқасын және көктайғақ болу ықтималдығы жоғары.

Оңтүстік облыстарда жауын-шашынсыз. Түнде 0…-5°, күндіз +10…+18° дейін жылы. Таулы аймақтарда тұман жиі түседі. Алматы мен Талдықорғанда күн ашық, күндіз +11…+15°. Шымкент, Түркістан, Таразда да ауа райы ашық әрі жылы. Қызылорда облысында күн ашық, күндіз +11…+16° болады.