Аймақтар • Кеше

8 жастағы қызды ұрып-соққан: Жамбыл облысында буллинг пен бопсалау азаймай тұр

40 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында балалардың құқықтарының бұзылуына, зорлық-зомбылыққа, буллингке, суицидке және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарға жол бермеу бойынша жан-жақты зерттеу жүргізілді, деп жазады Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 жастағы қызды ұрып-соққан: Жамбыл облысында буллинг пен бопсалау азаймай тұр

Жұмыс қорытындысы бойынша анықталған мәселелер мен оларды шешу жолдары облыс әкімімен, барлық басқармалар басшылығымен және аудан әкімдіктерімен талқыланды. Облыс әкімі заңды іске асырудың әрбір тармағы және анықталған мәселелер бойынша шаралар қабылдау оның жеке бақылауында болатынын айтты.

Балаларға қатысты қылмыстар үшін жазасыздықпен, әсіресе мектептерде балалар арасында болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарау және елемеу саласындағы жағдай өткір болып қала береді.

ІІМ-мен бірлесіп, аудан орталықтарында да, ауылдық жерлерде де орналасқан мектептерде балалар арасында кездесулер мен анонимді сауалнамалар өткізілді, сондай-ақ буллингті, зорлық-зомбылықты, суицидтік тәуекелдерді диагностикалаудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде психологтар жүргізген сауалнамаларға берген жауаптар зерделенді. Алайда, психологтардың сауалнамасында жәбірлеу, бопсалау және басқа да заңсыз әрекеттер туралы сұрақтарға оң жауаптар болғанына қарамастан, мектеп басшылығы қорытынды анықтамада деректерді бұрмалап, 0% деп көрсетеді.

Мәселен, Шу ауданының мектептерінде тоғызыншы сынып оқушылары ұрып-соғу арқылы бопсалау, электр шокер, кастет қолдану – бұл барлық жерде кездесетін құбылыс және әр сыныпта болады деп жазады. Қыздар жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болудан қорқып жүргендерін жазады.

Қордай ауданының мектептерінде 5, 7, 9-сынып оқушылары мектеп ортасындағы «жүйе» және «дедовщина» туралы, жоғарғы сынып оқушылары оларға азық-түлік, шырын сатып алуға мәжбүрлейтіні туралы, оларды жасы үлкен балалар ұрып-соғатыны, тас лақтыратыны, қыздар бір-бірінің шаштарын жұлатыны туралы жазады. Осы аудандағы кейбір мектептердегі балалар мұғалімдер оларға қол көтеретіні, заттарды лақтырып қалатыны, буллингке ұшырайтыны туралы жазды.

Таразда, қыркүйек айында дәретханада бала қайтыс болған мектептердің бірінде, өткен жылы психологтар диагностика жүргізу барысында балалар бопсалау және буллинг туралы хабарлағанына қарамастан, жұмыс жүргізілмеген, ден қою шаралары қабылданбаған. Бопсалауға, ұрып-соғуға, соның ішінде 11-сынып оқушыларының 9-сынып оқушыларын ұрып-соғуына, мұғалімдер тарапынан буллингке, оқушылардың нашар эмоционалды жай-күйіне қатысты осындай жағдай қаланың басқа мектептерінде де байқалады, оларда да ахуалды зерделеу жүргізілді.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 9 айында облыста аяқталған суицидтің 14 фактісінің ішінде 7 оқиғада балаларды құтқаруға болатынын атап өту маңызды, өйткені балаларда бұрын суицидтік тәуекелдер анықталған, сондай-ақ балалар тәуекел аймағында болған, бірақ оларды ешкім естімеген, оларға көмек көрсетілмеген. Бұл ретте аяқталмаған суицидтің соңғы оқиғасының бірі жоғары сынып оқушылары тарапынан балаға күш қолданумен байланысты болған.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, жасөспірімдер арасында 200-ден астам буллинг пен бопсалау оқиғасын Байзақ және Жамбыл аудандарының мектептерінде арнаулы ведомствоаралық мобильдік топ анықтаған. Бұл облыстағы он ауданының екеуі бойынша ғана сандар.

Қорыта келгенде, балалар облыста өздерін қорғалған екенін сезінбейді.

Айталық, мысалы, 8 жасар қыздың денесінде көгерген және ұрып-соғудың іздері бар фотосуреттер болғанына қарамастан (өгей әкесінің белдікті пайдаланып жарақат салуы нәтижесінде алынған материалдарға сәйкес), іс жабылып, бала қауіпті ортада қалған. Баланы қорқытып тастаған, кездесу барысында қыз оған ештеңе айтуға болмайтынын айтқан.

Бұл ретте өгей әкесі баланы жағасынан ұстап алып, оны сілкіп жіберді және жалпы полицияның төрт қызметкерінің, оның ішінде ЖПҚ бастығының орынбасарының көзінше агрессия көрсетті. Агрессордың балаға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасағанына және заңды бұзғанына назар аударған кезде полиция қызметкерлері тек өтініш жазуды ұсынды.

Екінші жағдайда, қазан айының басында 4-сынып оқушысы өгей әкесі мазақ ететіні туралы өтініш жасағаннан кейін полиция баланы агрессормен бірге сол үйде қалдырып, қорғаныс туралы бұйрық шығарды. Өңірлік уәкіл комиссия өткізуді талап еткеннен кейін ғана анасы мен балалары дағдарыс орталығына орналастырылды, бірақ іс сонда да тоқтатылған.

Балаларға қатысты қылмыстармен облыста не болып жатқанның көрінісі ретінде – 7 жасынан бастап нағашысы мен ағасы зорлап келген қыздың жай-күйі. Ол жылай отыра, тергеушімен «сөйлескеннен» кейін әділеттілікке сенбейтінін айтты, алайда тергеу әлі жүріп жатыр.

Нәтижесінде облыс прокуратурасына және ІІМ-ге жүгінгеннен кейін ғана жоғарыда аталған екі факт бойынша істер қайта жанданды.

Жалпы, облыс бойынша істердің тек 29%-ы сотқа жететінін ескерсек, себептер көбінесе тергеудің толықтығын қамтамасыз етпеумен және қызметкерлердің немқұрайлылығымен байланысты екеніне сенімдімін.

Облыстағы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор жұмысындағы проблемаларға ерекше назар аударған жөн. 154 КТІИ қызметкеріне бар болғаны 15 көлік бар, кейбір ауылдар арасындағы қашықтық 80 км-ге дейін, оларға инспекторлар өз қаражаты есебінен таксимен барады.

Мемлекет басшысы өңірлердегі жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аударады, дәлірек айтсақ, соңғы екі жылда профилактика үшін қабылданған қажетті барлық заңдар, шешімдер мен бағдарламалар қағаз жүзінде қалмай, балалар үшін жұмыс істеп, оларды қорғауы керек.

Әр өңірде анықталған барлық жүйелі және жеке дара проблемалар бойынша жұмыс Президент Әкімшілігімен, орталық уәкілетті органдармен және әкімдіктермен жүргізіледі.