Қоғам • Бүгін, 17:49

Е.Қарин: соңғы 7 жылда еліміздің азаматтығынан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Е.Қарин: соңғы 7 жылда еліміздің азаматтығынан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайды

Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды.

Мемлекеттік кеңесші кейінгі 7 жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны тұрақты түрде азайып келе жатқанын атап өтті.

Мысалы, соңғы 7 жылда азаматтықтан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайды. 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, 2024 жылы – 77, ал 2025 жылы 68 адам азаматтықтан шыққан.

Мұның бәрі Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын көрсетеді. Елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Мемлекет басшысының реформалары тұрғындарға зор сенім ұялатып отыр.