Экономика • Бүгін, 18:00

Қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде мал азығын дайындау науқаны аяқталды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, өңірлер 25 млн тонна шөп (жоспардың 103,1%), 1,9 млн тонна сенаж (113,3%), 5,4 млн тонна құрамажем (98,4%), 2,1 млн тонна силос (107,3%), 4,9 млн тонна сабан (106,6%) жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жалпы ел бойынша барлық түрлерін қоса есептегенде әзірленген 39,8 млн тонна мал азығы – малдарды қыс мезгілінде ұстау тұрғысында жеткілікті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бірқатар облыстар науқанды жоғары деңгейде өткізіп, жоспарды айтарлықтай артығымен орындаған: Солтүстік Қазақстан (147,1%), Шығыс Қазақстан (116,0%), Алматы (105,6%), Жетісу (104,5%), Ақтөбе (103,2%), Қызылорда (102,3%), Ұлытау (102,4%) облыстары бар.

Сенаж дайындау бойынша Солтүстік Қазақстан (163,5%), Жамбыл (114,6%), Қостанай (108,0%), Алматы (107,5%), Павлодар (105,0%), Түркістан (106,2%), Жетісу (105,1%) облыстары жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Мал азығы қазіргі деңгейде еліміздің мал шаруашылығы секторының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Яғни, 2025-2026 жылдарға қысқы маусымда малды қыстатуды оңтайлы өткеруге, жемшөп тапшылығы тәуекелдерін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.