Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Т.Сұлтанғазиев айтуынша, мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмекті дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметтерін нығайту, жаңа туған нәрестелерді бақылаудың заманауи хаттамаларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында мүмкін болып отыр.
Сондай-ақ, бірінші вице-министрдің айтуынша, үш өңірде: Атырау, Абай, Жетісу облыстарында неонаталдық өлім көрсеткіштерін жақсарту үшін әлеует бар. Сала министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылдап жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ведомство балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады. Сол орайда ерекше назар аударылып отырған жайттар:
- медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде педиатриялық стационарлар мен қызметтерді дамыту;
- ерте араласу орталықтарын құру және кеңейту;
- патронаж қызметін нығайту және оны толықтыру;
- балалардағы аурулардың алдын алуды және ерте анықтауды күшейту.
«Әр баланың денсаулығы – біздің басымдығымыз. Біз әр өңірде заманауи және сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болатындай оң өзгерістерді көріп, жұмысты жалғастырамыз», деді бірінші вице-министр Т.Сұлтанғазиев.