Фото: kz.kursiv.media
Осы мақсатта негізгі алаңдар кеңейтіліп, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мерзімі ұзартылған. Ал базалық коммуникацияларды нысандарға жеткізу жыл соңына дейін аяқталады.
Жаңа логистикалық тораптардың құрамына «Қорғас – Шығыс қақпасы», «Қорғас» ХШЫО», «Ақтау теңіз порты», «TURAN» экономикалық аймақтары, «Индустриалды сауда-логистикалық кешен» мен «Еуразия» индустриялық аймақтары кіреді.
Вице-министр аталған логистикалық тораптарда кәсіпкерлер қызмет етуі үшін мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.
«Осы аймақтарда инвесторларға инженерлік инфрақұрылымы дайын жер учаскелері және экономикалық аймақтарда салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынылады. Бұл жағдайлар инвесторлардың шығындарын азайтып, өндірістерін жылдам іске қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай қолайлы ұсыныстар Қазақстанның трансшекаралық хабтарды дамыту арқылы халықаралық өндірістік-логистикалық тізбекке енуіне ықпал етеді», деді Иран Шархан.