Облыстық обаға қарсы күрес станциясының басшысы Лариса Нұрмағамбетованың айтуынша, тышқанның көбеюіне былтырғы тасқын су себеп болуы мүмкін.
«Біздің станцияның мамандары ауланған зиянкестерде инфекциялық аурулардың бар-жоғын жүйелі тексеріп отыр. Бүгінге дейінгі зертханалық талдаудың бәрі теріс нәтиже көрсетті», дейді Лариса Нұрмағамбетова.
Тышқанның көбеюіне облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жетекшілік жедел штаб құрылды. Комиссияның құрамына обаға қарсы күрес станциясының, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Махамбет аудандық әкімдігі мен дезинфекция мекемелерінің өкілдері бар.
Қазір Махамбет ауданында екі мамандандырылған мекеменің мамандары тышқанға қарсы улау жұмысын атқарып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың тапсырмасымен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан трактор бөлінді. Жайық өзенінің жағалауы 0,5-1 метр тереңдікте тазартылып, улау жұмысы жүргізіліп жатыр. Зиянкестер ошағы анықталған ауылдар осы әдіспен толық өңделеді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеміргіштерге қарсы күреске тағы төрт мекемеме тартылады. Оның екеуі Атырау қаласында, ал екеуі Махамбет ауданында улауға кіріседі. Қала аумағындағы улау жұмысы Жайық өзенінің екі жағалауындағы Береке және Қайыршақты ауылдық округтері маңында жүргізіледі.
«Біздің негізгі мақсаты – зиянкестер шоғырланған ошақтардың көзін жою, популяциясын азайтып, таралуының толық алдын алу. Қауіпті сейілту үшін жұмысты дереу бастау керек. Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өңірдегі ірі кәсіпорындарда дератизация жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырдық», дейді Қайрат Нұртаев.
Сала мамандары тышқанға қарсы удың тиімділігі 7-10 күнде байқалуы тиіс. Дератизацияда пайдаланылатын препараттардың адам мен үй жануарларына зияны жоқ. Препараттаре санитарлық нормаларға сай қолданылады.