Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жайық өзенінің екі жағалауында орналасқан Талқайраң, Аспа, Алмалы және Береке ауылында дезинфекциялау шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысты «WSS» және «AG Desinfection Services» ЖШС-нің мамандары қолға алды.
«Мамандар жерді шамамен жарты метр тереңдікте қазып, у себеді. Бұл әдіс зиянкестердің көбейіп, ауылдарға қарай жылжуына жол бермеу үшін қолданылады. Тұрғындарға кеміргішке арналған у таратылып, оны дұрыс қолдану тәсілі түсіндірілді. Препаратты қай жерге және қалай орналастыру тәсілі көрсетілді. Барлық жұмыс қауіпсіздік нормаларына сай атқарылып жатыр», деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметі.