– Маусымдық өсім бар. Бүгінде шамамен 2 млн адам жұқтырды. Бұл күз-қыс маусымындағы жағдай. Сырқаттанушылық өткен жылғы эпидемиологиялық маусыммен шамалас. Негізгі штамдар – түрлі ЖРВИ, паратұмау. Оның ішінде полимеразды-тізбекті реакция зерттеуі барысында шамамен 1 200 тұмау штамын да анықтадық, – деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның айтуынша, еліміздің Бас санитарлық дәрігерінің адамдар қай жерде бетперде тағуға кеңес берілетіндігіне қатысты ұсынымы бар.
– Аталған қаулыдағы бетперде тағу талабы емханалар мен ауруханаларда медицина қызметкерлері үшін міндетті. Ал басқа қоғамдық орындарда ұсыным түрінде ғана, – деді бірінші вице-министр.