Қоғам • Кеше

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда 20 қарашада үйден шығып, байланыссыз қалған 32 жастағы әйел мен оның кішкентай қызы алты күннен кейін аман-есен табылды, деп жазады Egemen.kz.

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды

Ақмола облыстық полиция департаменті таратқан хабарға қарағанда, әйелдің туыстары арыз түсіргеннен кейін іздеу жұмыстары дереу басталған. Құқық қорғаушылар әйелдің жақын ортасын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Іздеуге еріктілер де қосылып, олар әлеуметтік желілерде ақпарат таратты.

26 қарашада «Lider.kz» еріктілерінің көмегімен ювеналды полицияның аға учаскелік инспекторы Нәзира Тұрсымбаева жоғалғандардың болуы мүмкін мекенжайы туралы хабар алып, жедел жеткен. Пәтерде әйелдің таныстары тұрғаны анықталды, сол жерден ана мен бала табылған.

Қазір қыз бала ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тексеруде.

Полиция еріктілерге және бейжай қарамаған тұрғындарға алғыс білдірді.