Жүк машинасына үлкен шығын келтірілген жоқ, ал жеңіл машинаның сау-тамтығы қалмаған. Бір ғажабы жүргізуші әйел тірі. Оны құтқарушылар тобы әбден майысып қалған автомобильдің салонынан зорға алып шығып, жедел жәрдем бригадасының қолына тапсырды. Алайда жүргізушінің көп жарақаттар алғаны көрініп тұр, қазір ол реанимация бөліміне жатқызылған.
Жол апаты осы машинаның қарсы бетке шығып кетуінің салдарынан болған деген алдын ала тұжырым жасалған.
Солтүстік Қазақстан облысы