Энергетика • Кеше

Жамбыл облысында бу-газ электр стансасы салынып жатыр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында жалпы қуаты 50 мвт құрайтын бу-газ электр стансасы салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында бу-газ электр стансасы салынып жатыр

Іргелі жоба Жамбыл ауданы аумағындағы Әулиекөл елді мекеніндегі «GES Мырзатай» ЖШС бастамасымен қолға алынған. Инвестицияның жалпы көлемі 60 млн АҚШ долларын құрайды. Жоспар бойынша жоба екі кезеңді қамтиды. Бастапқыда қуаты 50 МВт болатын бу-газ электр станциясы салынады, ал екінші кезеңде оның қуаты 150 МВт-қа дейін ұлғайтылады. Нәтижесінде станцияның жалпы қуаттылығы 200 МВт-қа жетеді.

Жоба жетекшісі Хоу Чуань Цюньнің айтуынша, инвестициялық бастама аясында жер телімін рәсімдеу, инженерлік іздестіру, жобалау және тиісті келісу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.

Бүгінгі таңда 7 гектар жер бөлінген. Құрылысты жүзеге асыратын мердігер ұйым таңдалды. Гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіліп, 185 метр тереңдікте ұңғыма бұрғыланды. Сондай-ақ газбен жабдықтау бойынша тиісті техникалық шарттар алынды. Құрылыс жұмыстарына 500-ге жуық адам тартылады, бу-газ электр станциясы толық қуатына шыққанда 80 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жамбыл облысы